Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды

WhatsApp Image 2018 01 24 at 21.10.501 e1516871300765 Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды.

WhatsApp Image 2018-01-24 at 21.10.50(1)

 

Алдымен, ауданның шалғай елді мекені Мұқыр ауылына табан тіреген аймақ басшысы, мұндағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жалпы, жоба құны 302 млн. теңге тұратын ғимарат биыл күзде аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс. Облыс әкімі салалық мекеме өкілдеріне құрылысты сапалы жүргізіп, уақытында тапсыруды міндеттеді.

WhatsApp Image 2018-01-24 at 21.10.50

WhatsApp Image 2018-01-24 at 21.10.51

Облыс әкімі Сағыз ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені мен Аманбай Өміров атындағы саз мектебін де аралады. Айта кеткен, 2011 жылы пайдалануға берілген спорт кешені күрделі жөндеуді қажет етеді. Қабырғалары жарылған, төбесінен су ағады. Аталған жағдай 200-ге тарта балғынның спорттың 6 түрімен тұрақты шұғылдануына кедергі келтіріп отыр. Бұл ретте, аймақ басшысы жергілікті билік өкілдеріне мәселені пысықтап, облыстық мәслихат арқылы тиісті қаражат бөлуді ұсынды.

WhatsApp Image 2018-01-24 at 21.10.50(2)

Мұнан кейін облыс әкімі Сағыз ауылындағы құрылысы кестеден кешіккен мектеп және балабақшаның жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы құзырлы мекеме басшыларына маңызды нысандарды дер кезінде бітіріп, ел игілігіне тапсыруды нықтап жүктеді.

Содан соң, облыс әкімі Н.Ноғаев аудан орталығы Миялыға барып, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап көрді.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз