Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Исатай, Құрманғазы аудандарына барды

WhatsApp Image 2018 05 21 at 15.09.03 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданындағы Шортанбай балық өңдеу зауытында болды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-21 at 15.09.02

Аймақ басшысы Исатай, Құрманғазы аудандарына жұмыс сапарымен барып, құзырлы органдардың заңсыз балық аулаумен күрес, құрылыс, су тасқынынан қорғау бөгетін қалпына келтіру бойынша қызметтерін тексерді.

Құрманғазы ауданындағы Шортанбай ауылындағы балық зауыты балық қабылдау және өңдеу ісімен айналысады. Зауытта қақталған, кептірілген балық, балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, шортан уылдырығы дайындалады. Мекемеде 180-ге жуық адам еңбек етеді, өнімдер ішкі нарықтан бөлек алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығарылады.

WhatsApp Image 2018-05-21 at 15.09.03

Аймақ басшысы мекемені қарау барысында бизнес субъектілері шығаратын өнімдерінің көлемін арттыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алатындарын атап өтті.

Бізде кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар, жақсы мемлекеттік бағдарламалар қатары бар. Мемлекет басшысы бизнесмендерге қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне маңыз беріп отыр. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, кәсіпкерлер шығаратын өнімдерінің көлемін, сапасын, экспорттық әлеуетін ұлғайта алады, – деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-21 at 15.09.04 (1)

Сонымен қатар, облыс әкімі Исатай, Құрманғазы аудандарындағы заңсыз балық аулаушыларға қарсы қолданылатын шаралармен танысты. Құрманғазы ауданындағы су тасқынына қарсы қорғаныс бөгетінің құрылысын, қалпына келтіру жұмыстарын да назарға алды.

Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз