Атырау облысының аудиторлары қаржылық тәртіпті жақсартуға шақырады

WhatsApp Image 2018 06 19 at 11.39.19 Жаңалықтар

Қаржылық тәртіпті жақсарту және аудиторлық іс-шаралар шеңберінде анықталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Атырау облысы бойынша аудит комиссиясының мүшелері мемлекеттік құрылымдардың басшылары және есепшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2018-06-19 at 11.39.19

«Біздің міндетіміз – өткен кезеңдегі заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, себебін зерделеу және уақтылы жауап беру. Көптеген объектілерде жүйелі сипатқа ие бір типті заң бұзушылықтар бар. Атап айтқанда, бюджеттік, сәулет-құрылыс, салық заңнамасының нормаларын, мемлекеттік сатып алулардың ережелерін, жалақыны және бонустарды және т.б. бұзу. Мұның себептері есепшілердің біліктілігін арттыру курстарының кешіктірілуінде, сондай-ақ, кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі, – деді Атырау облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Руслан Бектемір.

Аталған заң бұзушылықтардың барлығы қаржы қызметтерінің әлсіреуі немесе жеткіліксіз бақылауы негізінде жол берілген.

Семинар барысында ревизия комиссиясының мүшелері мемлекеттік органдардың басшылары және есепшілерімен кездесіп, ашық диалог жүргізді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өздерінің күнделікті жұмыстарындағы мәселелерді талқылады.

Руслан Бектемір атап өткендей, министрліктің басшылығындағы жұмыстардағы қаржы бұзушылықтар үшін қолайлы жағдай жасайтын жолдарды анықтау қажет. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қаржы тәртіп саласындағы заң бұзушылықтардың төмендеуі байқалады.

Кездесуге қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары мен есепшілері көптеген мәселе бойынша қажетті ақпараттар мен кеңестер алды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржы секторын жетілдіру бағытында бірқатар ұсынысты талқылады.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз