Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

WhatsApp Image 2018 07 26 at 12.11.31 Жаңалықтар

Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-26 at 12.11.31
Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне Мақат ауданының әкімі болып тағайындалған Жұмабай Қарағаевтың орнына Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Иғалиев болды.

Тағайындау барысында Нұрлан Ноғаев оның өндірістік және өмірлік тәжірибесі мен кең білімі қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесетіндігіне сенім білдіріп, Мұрат Иғалиевтың үлкен еңбек өтілін атап көрсетті. Өңір басшысы тағайындау нәтижесінде жаңа басшының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Мұрат Иғалиев еңбек жолын 1984 жылы «Ақктаутрансгаз» мемлекеттік кәсіпорнында құбыркомпрессорлық цехының машинисі болып бастаған. 1997 жылдан бері Маңғыстау облысының желілік өндірістік басқармасында, «Интергаз Орталық Азия» мекемесінде түрлі қызметтерді атқарған. 2004 жылдан бері «Қазақ-Сервис» және «Денхолм-Жолдас» компанияларында қауіпсіздік жөніндегі инженерден бастап бас үйлестіруші лауазымына дейін түрлі қызметтерде болған. 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы. 2015-2016 жылдары «Жайықжылуқуат» АҚ-да техникалық директор, бас директордың бірінші орынбасары, бас директор сияқты басшылық лауазымдарды атқарған. 2016 жылы қазанда «Kazakhmarket» ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдан бері Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары. Жоғары білімді, Саратов мемлекеттік техникалық университетін «Өнеркәсіптік жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз