Атырау облыстық мәслихатына сайлау қорытындысы жарияланды (ФОТО)

EAC8633 Жаңалықтар

Атырауда 29 қазан күні облыстық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Нәтижесінде, 2 сайлау округі бойынша депутаттар сайланды,-деп хабарлайды Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

_EAC8633

Сонымен, №18 облыстық сайлау округі бойынша 11 149 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген. Аталған округ бойынша 3 кандидат ұсынылды. Олар: Ақанов Асқар Нұрлыбекұлы, Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы және Умаров Батыр Даньялұлы.

_EAC8586

Дауыс берудің нәтижесі бойынша, Атырау облысы мәслихатының депутаты болып 8019 дауыс жинаған Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы сайланды. Ө.Зинуллин – 1956 жылы туған, Атырау қаласының тұрғыны, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

_EAC8702

Ал, №25 облыстық сайлау округі бойынша 11 625 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген. Дауыс беруге қатысқандары – 9624. Мұнда да үш кандидат ұсынылды. Олар: Әбдешев Баязи Мәдешұлы, Аймұратов Сағынгерей Болатқалиұлы және Панаев Нұрлыбек Нұртуғанұлы.

_EAC8619

Дауыс берудің нәтижесі бойынша, 7430 дауыс жинаған Әбдешев Баязи Мәдешұлы Атырау облысы мәслихатының депутаты болып сайланды. Б.Әбдешев – 1975 жылы туған, Атырау қаласының тұрғыны, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз