Атырау мешітінде әжелер мектебі құрылды

ажелер Жаңалықтар

«Иманғали» орталық мешітінде «Әжелер мектебі» құрылды. Ғибадат үйлерінде тұңғыш рет қолға алынып отырған қайырлы бастаманың тұсау кесер салтанаты «Қазақ отбасындағы әжелердің орны» тақырыбында өтті.

ажелер

Отбасындағы әжелер мен аналардың орны, қилы-қилы замандарда ар-намысын биік қоя білген қазақ әйелдерінің кісілік болмысы туралы әңгіме өрбіген шараның тағылымдық мәні зор болды. 25 әйел жамағатынан тұратын «Әжелер мектебінің» жетекшілігіне Қазақстан қажылар қауымдастығының Атырау облысы бойынша төрайымы Жұмагүл қажы Нәсиқызы тағайындалды. Мектептің басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі аналар мен әжелердің ролін көтеру, қазақы тәрбие мен шариғат заңдары ұштасқан отбасылық институтты нығайту, қоғамда орын алып жатқан түйіткілді мәселелерге дер кезінде үн қосып, жас ұрпаққа жол көрсету болып табылады.

ажелер 1

Ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық киім үлгісін жандандыру да мектептің негізгі ұстанымдарының бірі. Қазақ отбасындағы ерекше сыйластық пен ізеттіліктің асқақ үлгісін мысалға келтіре отырып, оның пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетінен бастау алатыны туралы әңгімелеген облыстық адвокаттар ұйымының төрайымы Айсұлу қажы Қайырқызы мен химия пәнінің мұғалімі Елена қажы Ізімқызының ой-пікірлері көптің қолдауына ие болды.

ажелер 2

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз