Атырау мұнай және газ университетінде «Планета» халықаралық тіл кабинеті ашылды (ФОТО)

ЕАС 980 Білім

Атырау мұнай және газ университетінде «Планета» халықаралық тіл кабинеті ашылды. Енді студенттер ағылшын және итальян тілдерін қажетті материалдармен толыққан бөлмеде еркін меңгеріп, білімдерін жетілдіре алады.

ЕАС 980

Қоғамда белсенділік танытып, әлемдегі жаһандану үрдісінде білім, ғылым, озық технологияның тілін жетік меңгеру үшін халықаралық тілдерді жетік білудің маңызы зор. Бұл ретте мұнай-газ саласының мамандарын даярлайтын білім ордасы ағылшын тілін тереңірек дәріптейтін бағдарламалар ашқан. Аталған университет ректоры Әли Әбішевтың айтуынша, бес мамандық бойынша студенттерге сабақ тек осы тілде жүргізілуде. Оған қоса, жастар академиялық сабақтар кезінде итальян тілінде еркін пікір алмасып, тәжірибе жинақтау үшін итальян тіліне де ерекше назар аударылып отыр.

ЕАС 992

«Италияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Планета» халықаралық тіл кабинеті ашылды. Мұнда жас буын өкілдері итальян экономикасын, мәдениетін, тарихын меңгеруге, Италия еліне турист ретінде шығып қана қоймай, ондағы жоғары оқу орындарынан білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осы орайда, Турин политехникалық университетімен Меморандум жасақтап, жастарымыз білген-түйгенін сол білім ордасында дамытып отыр. Біз қашанда студенттердің халықаралық тілдерді меңгеруіне ерекше мән береміз, қолдаймыз. Қазірдің өзінде олар итальян тілінде еркін әңгімелесе алады»,-деген Әли Әжімұлы, өткен жылдан бастап университет қабырғасында осы тілді дәріптеушілер Энрике Пурици мен Мариса Зипаро ерікті түрде арнайы курстар өткізгенін атап айтты.

ЕАС 1004

Жаңа кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Италияның Қазақстандағы Төтенше және ресми елшісі Стефано Равонян, тарихи мұрасы мол итальяндықтардың мәдениеті, экономикалық ахуалын кеңінен насихаттауға мүдделі екенін жеткізді. Шара барысында студенттер итальян тілінде ұсыныс-тілектерін білдірді.

ЕАС 1010

Сыртқы экономикалық, сауда-саттық байланыста Италия Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі десек, университет мұнай химиясымен қатар, экология мәселелерін қамтитын бірлескен екі ғылыми жоба жүзеге асырмақ.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз