«Атырау-Доссор» жолында 70 жастағы жүргізуші қаққан өзбекстандық азамат көз жұмды

ФОТО АВАРИЯ Жаңалықтар

Атырауда жексенбі күні таңертең жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 56 жастағы Өзбекстан азаматы көз жұмды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - АВАРИЯ

«Атырау-Доссор тасжолының бойындағы «Контейнерлік» шағын ауданында жол-көлік оқиғасы болды. «Газель» көлігін тізгіндеген 70 жастағы Геолог кентінің тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы, 3-інші бөлімі, яғни «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»,-деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айқара Ғұмар

Фото irnews.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз