Баскетболдан Ұлттық лига сапында өнер көрсетіп жүрген «Атырау Барыстары» клубы соңғы екі кездесуін Көкшетауда «Синегорье» командасымен өткізді.
Қазақстанның екі дүркін чемпионы жерлестеріміз алғашқы күні көкшеліктерді 71:89 есебімен тізе бүктірді. Ал, кеше кешкісін «Барыстар» алаң иелерін 73:91 есебімен жеңіп, 25 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді. Біріншілікте 20 кездесуден кейін бірде-бір рет жеңіліс таппаған «Астана» баскетболшылары 40 ұпай жинап, көш басында келеді. Екінші орынға 31 ұпаймен «Тобыл» командасы жайғасты. Атырау мемлекеттік универсиетінің студент-жастарынан құрылған екінші командамыз 16 кездесуден кейін 19 ұпай жинап, алтыншы орында келеді.
Бақытжан ЖҰМАТ