Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

1 46 Жаңалықтар

ҚР ІІМ бұйрығымен Атырау қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының лауазымына полиция подполковнигі Әлішер Есенгелдіұлы Нұршаев тағайындалды.

1

Әлішер Есенгелдіұлы Нұршаев – 1981 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы ҚР ІІМ академиясын бітірген. Сонымен қатар Қарағанды заң институтынан білім алған. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады.

2003 жылы Атырау қалалық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымымен жұмысын бастады. Атырау қаласының ішкі істер органдарында бірнеше жыл қоғам қауіпсіздігі жолындағы қызметі ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының адам саудасына қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жалғасын тапты.

2015-2016 жылдары аралығында ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы лауазымын атқарды. Осыған дейін ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болған.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз