«Атырау – адалдық алаңы» – жүйелі жұмыс ортасы

2018 12 12 134324909300 Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов  бірнеше нысанды аралап, Атырау мұнай және газ университетінде «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тұсауын кесті. Мұнда атыраулықтар жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жөнінде толық мағлұмат алатын болады.

2018_12_12_134324909300

− Елбасы жергілікті атқарушы органның алдына сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті ұстану тапсырмасын жүктеген болатын. Осы бағытта мұнайлы өңірде бірнеше жоба жүзеге асты. Жалпы, жемқорлықпен күрес жұмыстарының нәтижесі тек облыстық әкімдік пен агенттікке ғана байланысты емес, оған қоғам болып жұмылуымыз керек, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов «Атырау–адалдық алаңының» сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, өңірдегі мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.

−  Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің қызметін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылау жүргізу салалары бағытында жұмыс істейді. Бұған дейін Астанада іске асқан жоба мұнда да тиімділігін көрсететініне сенімдімін, – деді ол.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша дапертаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, бұл кеңседе әр сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалады. Кеңседе мемлекеттік қызметкерлермен қатар, қоғамдық бірлестік, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бірлесіп жұмыс істейді. Яғни, нақты шаралар осында қабылданбақ.

Айбөпе Мұратқызы.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз