«Атырау-Ақпарат» ұжымы Қызылқоға ауданының халқымен кездесті + ФОТО

ANU 1913 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени жобасы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында жалғасты.

ANU_1913

Медиасеріктестік тобын алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев қабылдап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты атқарылған жұмыстармен таныстырды. Өз кезегінде «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Р.Сәбитов, жылы шырайлы қабылдауға рахметін айтып, «Туған жер» жобасының мән-маңызына тоқталды. Жиынға аудандық бөлім басшылары, мекеме жетекшілері қатысты.

Кейін насихаттық топ Қызылқоға ауданының орталығындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп, Б.Аманшин атындағы мектеп және Ғ.Шуреков атындағы №1 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымымен кездесті. Басқосуда Елбасының мақаласына қатысты пікірлер айтылып, алдағы міндет-межелер сараланды. Сонымен қатар, ұстаздар қауымы Қызылқоға ауданындағы киелі орындар, осы өңірден шыққан танымал тұлғалар, би-шешендер туралы тарихшылардың, зерттеушілердің мақалаларын басылым беттерінен көбірек көргісі келетіндіктерін жеткізді. «Бұл – жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім орнатуға септігін тигізеді»,-деді олар.

ANU_2042

ANU_2099

ANU_2191

ANU_2460

ANU_2828

«Туған жер» этно-мәдени шараның қорытынды кеші аудандық «Арман» мәдениет үйінде өтті. Мұнда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев, Президенттің мақаласына орай өңірде іргелі жұмыстар жүргізілгенін, атап айтқанда, киелі орындарды көрсету үшін мектеп оқушыларынан құралған экспедиция ұйымдастырылғанын тілге тиек етті. Бүгінде жас буын өкілдері Ескі Қызылқоға өңіріндегі «Алаш» партиясының съезі өткен жерге, халық батыры Исатайдың әкесі қоныс еткен «Тайман жалына», «Халел ставкасына» барып, қасиетті жерлердің тарихымен танысып келген. Мұндай экспедициялар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

ANU_1547

ANU_1628

ANU_1737

Жиын барысында аудандық, облыстық басылымдарға қолдау көрсеткен бір топ кәсіпкерлер марапатталды. Сондай-ақ, белсенділігімен көзге түскен жас қалам иелеріне арнайы куәліктер табысталды.

ANU_1715

ANU_1566

ANU_1778

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әртістері мен аудандық өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, Миялы тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.

Бақытжан Жұмат

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз