«Атырау-Ақпарат» серіктестігінде медиа-мектеп ашылды (ФОТО)

ЕАС 029 Білім

Бүгін «Атырау-Ақпарат» серіктестігінде медиа-мектеп ашылды. Бұл жобаны «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

ЕАС 029

Шараға «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев пен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов қатысты.

Медиа мектеп – қос мекеменің өзара ынтымақтастық және тиімді серіктестік туралы Меморандумының шеңберінде қолға алынған тың жобаларының бірі. Жоба авторлары келешекте студенттердің теория мен практиканы ұштастыра отырып, университет қабырғасында жүріп-ақ редакциялар мен баспахананың қайнаған тіршілігімен емін-еркін араласуын, кәсіби журналистерден тәлім алып, тәжірибе жинақтауын мақсат тұтады.

ЕАС 038

Медиа мектеп аясында Атырау мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан бөлек, елімізге және өңірімізге танымал журналистер, медиа мамандары мен кәсіби тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, дәріс оқиды. Сондай-ақ, медиа мектеп қабырғасында тек университет студенттері ғана емес, ақпарат саласындағы жас мамандар, оқушылар, жас тілшілер және т.б. ынта білдірген талапкерлер білім алуына мүмкіндік алады.

ЕАС 069

Мұнда сонымен бірге, облыстық Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, журналистерге арналған ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру да қолға алынып отыр. Медиа-мектеп заманауи дәріс аудиторияларына лайықталып, мультимедиялық құрылғылармен жабдықталғанын атай кеткен жөн.

ANU_9094

Осы орайда, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев, мұндай жобаның жастар үшін маңызы зор екенін айтады. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті өзіндік орны бар, талай мамандарды даярлаған іргелі білім ордасы. Соңғы 20 жылда филология факультетінің жанынан журналистика мамандығы ашылған болатын. Бұл медиа-мектеп арқылы болашақ журналист студенттердің теориялық біліміне тәжірибелік біліктілікті ұштастыру көзделіп отыр»,-дейді серіктестік директоры.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов, бірлескен жобаның мәні мен ерекшелігіне тоқталды. «Бүгінде университетте журналистика мамандығында 150 студент оқып жатыр. Алдағы уақытта медиа-мектепке тәжірибелі журналистер келіп, дәріс оқыса, студенттер өз білімін жетілдіре түсері сөзсіз. Ал, басқа орталықтардан арнайы мамандар шақыруды университет тарапынан да қолға алатын боламыз»,-деп түйіндеді Абзал Талтенов.

ANU_9128

Сонымен қатар, медиа-мектептің ашылу салтанатында «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, Қазақстанның Құрметті журналисті Любовь Монастырская және журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева сөз сөйлеп, жаңа орталықтың ашылуы жөнінде жылы лебіздерін білдірді.

ЕАС 089

ЕАС 127

Ал, медиа-мектептің лента қию рәсімі ардагер журналист Любовь Монастырская мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашеваға табыс етілді.

ANU_9087

Салтанатты ашылу жиынынан соң, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Рауан Сәбитов студенттерге шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ, болашақ журналистер медиасеріктестіктің тыныс-тіршілігімен, яғни баспахана, газет редакциялары және сайттардың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

ANU_8980

Айдос Қарабала  

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев, Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз