Атырауға белгілі актер Санжар Мәдиев келе жатыр

8659e51cad1cc83ac92a0b62bbc38338 Жаңалықтар

 

Отандық кино-индустрияның майталмандары Атырауға келеді деп күтілуде. Олардың қатарында қазақстандықтарға көптеген рөлдері арқылы кеңінен таныс Санжар Мәдиев те бар.8659e51cad1cc83ac92a0b62bbc38338

Дәлірек айтқанда, 30-31 тамыз аралығында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Saraysik. UPGRADE» атты өңірлік жатсар форуымы өтпек. Оған Ресей Федерациясынан және көршілес аймақтардан делегаттар қатысады. Форумның салтанатты ашылу рәсімі Атырау мұнай және газ университетінің акт залында өтеді. Онда Санжар Мәдиевпен бірге, белгілі режиссер Асқар Бисембин кинематография бағытында, Лаура Маликова экология тақырыбында және Берік Шәріп медцина саласы бойынша тренинг өткізеді деп жоспарлануда. Форум одан әрі Махамбет ауданындағы орта ғасырлық көне қаланың орны – Сарайшық ауылындағы сапарға жалғасады.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз