Ата-аналар мектептегі үйірмеге келеді

Семейный читательский клуб 61 Білім

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екі ерекше жоба жүзеге аса бастады.

Семейный читательский клуб (61)

Мектеп  шығармашыл ата-аналарды қолдау бағытында «Отбасылық оқырмандар клубы» мен «Таңшолпан» ата-аналар би үйірмесін құрды. Мектеп директорының бастамасымен жүзеге асқан көңіл сергіту сағаттары  оқушылардың ғана емес, сондай-ақ, олардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің жаппай кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. «Отбасылық оқырмандар клубы» – өз төлбелгісі бар, ата-аналар құрамынан жетекшісі анықталған дербес ұйым. 16 жанұяның ата-анасы ұйымға мүшелікке қабылданды. Олар енді ай сайын зияткерлік мектепке келіп, белгілі әдеби шығармаларды талдап, ақын-жазушылардың өмірі туралы сыр шертетін болады. Кездесу барысында клуб мүшелері өздері оқыған үздік әдеби шығармалар туралы кеңес береді, сахналық қойылымдар арқылы оқушыларға кітаптың құндылығын дәріптейді.

Открытие родительского танцевального клуба Таншолпан (100)

Бұл ұйым – мектеп кітапханасы жанынан ашылған екінші клуб. Осыдан екі жыл бұрын құрылған «Timeless» оқырмандар клубы балалардың арасында кітапқа деген қызығушылығын арттырған еді. Клуб мүшелерінің алғашқы отырысы да болып өтті.   Ата-аналар атынан Ибатолла Ерғалиұлы «Timeless» оқырмандар клубының президенті Наргиз Құлшароваға Абайдың қара сөздері жинағын естелікке табыстады.

Семейный читательский клуб (39)

Сән мен сымбатқа қызығатын, ата-ана мен баланың бір сахнада өнер көрсетуіне жол ашқан тағы бір жарқын жаңалық – «Таңшолпан» ата-аналар би үйірмесінің ашылуы.

Бұл үйірмеде енді ата-аналар аптасына бірнеше рет тегін хореография залына келіп, би үйренетін болады.

Ануар ЖАМАНҚҰЛОВ,

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз