Астанадан – бас жүлдемен!

Астанадан – бас жүлдемен Жаңалықтар

Астана қаласында ХІ халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық фестивалінде өнер көрсеткен Қайыршақты балалар саз мектебінің өнерлі өрендері жүлделі орындармен оралды.

Астанадан – бас жүлдемен!

Дәстүрлі өнер сайысында саз мектебінің Айша Мұханова жетекшілік ететін вокалдық ансамблі бас жүлдені жеңіп алып, арнайы кубокпен марапатталды. Сондай-ақ, осы аталым бойынша ұстаз Зайда Басығариеваның шәкірті Айым Жақсылықова бірінші орынды иеленіп, фестиваль лауреаты атанды. Дәстүрлі ән номинациясында Ұлдай Жаннатова мен Айжұлдыз Құлымжанның да мерейлері үстем болды. Мектептің «Сәукеле» кіші би тобы үшінші орынды иеленді.

Орынғали ДҮЙСЕШҰЛЫ,

Томарлы ауылы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз