Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Атыраудағы ауыл тұрғындарымен кездесті

53574219 2379435912276786 202372261917753344 o Жаңалықтар

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Таяуда  Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «Мұнайшылар» мәдениет үйінде  аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу болып өтті.

Аудан тұрғындары мол жиналған рухани  шараға Жылыой ауданының  әкімі Азамат Бекет қатысты.

53698459 2379436102276767 8283923772797353984 o

Кездесу барысында сөз алған Ардақ Назаров жиылған жастарға тарихтан тағылым айтып, билердің әділдігін, шешендердің сөз саптауын мысал етіп кәзіргі кезде әсіресе жастарға дүниеауи ілімнен гөрі рухани ілімнің маңызды екенін айтты.

53545811 2379435875610123 6466971178580836352 o

Сонымен қатар ол өз өмір жолында кездескен түрлі оқиғаларды мысалға ала отырып, киелі даланы мекендеген бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи-шежіре қиссаларды жеткізіп, сол батырлардың есімдерін жиналған жұртшылыққа үлгі етті.

arda

Өз кезегінде спортшы, ер азаматтардың қасиеттеріне тоқталып, кәзіргі кезде әлеуметтік мәселелердің шиеленісуінің көрінісіне мәрттігіміз бен бір бірімізге деген қамқорлығымыздың азайып кетуі осыларға кері әсерін тигізіп отырғанын тілге тиек етті.

53231213 2379435805610130 4743318283489378304 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз