Америкаға алғашқы сапар несімен айрықша?

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/2 қазан, 2019 жыл. Қазақстанның Президенті лауазымында Америкаға алғаш рет барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарын екі тұрғыдан сараптап көрелік.

Біріншісі – ресми кездесулер. Алпауыт Американың басшысы Дональд Трамптан бастап, өзге де бірқатар мемлекеттер басшыларымен, бизнес орта өкілдерімен болған кездесулерде әріптестік қатынас, экономикалық мәселелер тақыланып, уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мұндай кездесулердің нәтижесі әдетте, бірлескен кәсіпорындардың өмірге келіп, екі жақты алысберіс көлемінің едәуір артуымен көрініп жатады. Біздің айтпағымыз – ресми сапардың екінші қыры. Яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымының 74 сессиясы. Аталмыш жиында Президент әлемдік қауымдастық назарын адамзат өміріндегі ең өзекті мәселелерге аударды.

Экономикасы ондаған жылдарға кейінге кеткен Сирия – дінді мазақ еткен террористік ұйымдардың стратегиялық тұрғыда ойластырылған ойынының нәтижесі. Әлемнің түкпіртүкпірінен санасы уланған жендеттерін жинаған ДАИШ миллиондаған адамдардың өмірін сарсаңға салып қойды. «Біз барлығымыз өзара өшпенділік пен озбырлықтан жапа шегіп жатқан адамзат өркениетінің бесігі – Таяу Шығыстағы оқиғалардың өріс алуына қауіптене қараймыз. Осыған орай біз бейбітшілік орнатуға және сенімді нығайтуға арналған өміршең шешімдер іздеуге бағытталған екіжақты және көпжақты ісқимылдарды қолдауға дайынбыз» деп атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 74 сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев. Қолдау дегеннен шығады, «отты нүктелерде» бейбітшілік орнату мәселесінде Қазақстан дүркін-дүркін бастамалармен бірге, нақты қадамдарды жүзеге асырып жүр. Мәселен, Сирия жағдайын тұрақтандыру бойынша Қазақстан алғаш рет сирияаралық келіссөздер үшін алаң ұсынды. Және бұл дүниежүзілік саясатта болмаған ерекше форма еді.

Басты нәтиже сол – босқындардың қайту қауіпсіздігіне арналған жағдай үшін деэскалация аймағы құрылды. Сирия тақырыбына орай айтылатын тағы бір негізгі мәселе – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Жусан» арнайы операциясы. Қазақстан адасып жүріп, қиын жағдайда қалған азаматтарын қайтарып алып жатқан бірден-бір ел. Арнайы операция нәтижесінде 600-ге жуық қазақстандық елге келді. «Террористік үгітнасихаттың тұзағына түскен 595 қазақстандық, оның ішінде 406 бала Сириядағы әскери іс-қимылдар аймағынан үйіне қайта оралды. Біз өз тәжірибемізді басқа елдермен бөлісуге және оларды баламалы қадамдар қабылдауға шақырамыз» деп атап өтті Президент.

Қырғиқабақ соғыс, бір мемлекеттің екінші мемлекет алдындағы өшпенділігі, халықаралық терроризм, есірткі трафигі, қару-жарақ бизнесі. Бұл тізімді одан әрі жалғай беруге де болады. Бірақ, экологиялық аппокалипсистің жанында бұл тізім аса бір айтарлықтай роль ойнамай қалады. Себебі, ол тізім қолмен жасалып отырған проблемалар. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған шөлейттену, жасыл желекті қалпына келтіру, эрозия, тұздану, сондайақ әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған Азықтүлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы мақсаттарының маңыздылығын атап өтті.

P.S. Қалай десек те, сәт санап құбылып жатқан жаһандағы геосаяси ахуал бәрібір рухани біріктірушіге мұқтаж. Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық институт. Десе де, кей жағдайда оның ықпалы әлемнің төрт бұрышына жете бермейді. Ал, Қазақстанның әлемдік саясаттағы көп жылдық тәжірибесі Шығыс пен Батыстың ұлттық, діни құндылықтар тұрғысында өзара диалог құруына мүмкіндік береді. Демек, әлемдік қауымдастық көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің өзіндік тәжірибесін «ізгілік формуласы» ретінде пайдалануы тиіс.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

*Сіз не дейсіз?

Зарема ШӘУКЕНОВА,

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

ЕЛІМІЗ – АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

«Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған сәтінен бастап біздің еліміздің осы ірі халықаралық ұйыммен ынтымақтастығы сәтті әрі дәйекті түрде дамып келеді. Бұл тұрғыда БҰҰ алаңында Қазақстан бірқатар маңызды бастамаларды көтергені кездейсоқ емес. Бұл қадамдар елімізге бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық күш-жігерге елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. Осыған байланысты Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) құру идеясын 1992 жылдың қазанында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынғанын атап өткен жөн.

Бүгінде АӨСШК Азия өңірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша алдыңғы қатарлы диалог алаңына айналды, оған 27 мемлекет қатысуда. БҰҰ қызметінде Қазақстан қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау режимін күшейту саласында ерекше үлесін қосты. Еліміз халықарылық антиядролық қозғалыстың көшбасшысына айналды.
Біріккен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *