Алыптар ауылдан шығады…

2018 11 02 3ijotbmp4to images thumb medium650 400 Жаңалықтар

Құрманғазы талай спорт саңлақтарын түлеткен өлке. Соның ішінде Жорес Ысқақовтың өзі бір төбе. Ол Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазақстан чемпионатының алты мәрте жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының жүлдегері атанған.

2018_11_02_045228056500

Спортқа есейіп барып келген ол, соғыстан кейін физкультура институтында оқып, еркін күреспен шұғылданады, спорт шебері атанды. Республикалық жарыстарда тең қарсылас көрмеген Жорес Абдошұлы еліміздің құрамасы сапында одақтық жарыстарға барып жүлделі орындардан көрініп жүрді. Спорттық кезеңін аяқтағаннан кейін ол жаттықтырушылыққа ауысып, Гурьев пединститутында аға оқытушы болады. Оның ондаған шәкірттері талай дүбірлі додада топ жарып, облыстың атағын шартарапқа таратты. Спорт саласындағы жоғары жетістіктері, жас жеткіншектерден боз кілем шеберлерін дайындаудағы еселі еңбегі үшін Жорес Ысқақов Қазақ ССР-на Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақ ССР-на Еңбек сіңірген жаттықтырушы деген құрметті атақтарға ие болды.

Еліміздің мақтанышына айналғандардың бірі – Сәбит Сатыбалдиев. Байда ауылдық округінде туып-өскен ол Сафондағы орта мектепті аяқтағаннан кейін Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтына оқуға түседі. Классикалық (грек-рим) күрестен республикалық, одақтық сайыстарда топ жарды. Кейін жаттықтырушылық жолға түсіп, әйгілі палуандар Жақсылық Үшкемпіров, Шамиль Серіков, Дәулет Тұрлыхановты жаттықтырған білікті бапкерлер сапында жүрді.

Спортшыларды дайындауда, салауатты өмір салтын насихаттауда еселі еңбек еткен азаматтардың бірі – Қожахмет Шәмбілов. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі, ұзақ жылдар Гурьев педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып нәтижелі еңбек етті. Тағы бір жерлесіміз Өтепберген Құралов та осы салаға маңдай терін арнады. Құрманғазы ауданынан барған талай талантты жастарды қамқорлығына алып, спорттағы қадамдарын қадағалап отырды. Олардың кезінде спорт саласына көптеген жергілікті кадрлар келді. Жетпіс Нұрғалиев, Өсер Серікбаев, Жетпіс Ғұмаров, Октябрят Молдашев, Марат Испуллаев, Болат Әндіров, Сайын Құбаев, Бақытжан Көшекбаев, Ғасырбек Дауымов, Жеңіс Әмірханов, Алексей Горюнов, Ғабиден Қайыржанов, Марат Сисенов, Мағзом Құттыбаевтар жоғары білім алып, талай шәкірттердің қанатын қатайтты. Осы аға буынның жолын қуып Марат Ниғыметов, Әдебиет Ердешов, Есенғабыл Рамазанов, Айдынғали Жүнісов, Төремұрат Сисенғалиевтер қатарларын лайықты толықтырды.

2018_11_02_ggycbopmwlg

Тәуелсіздікпен бірге Құрманғазы ауданы спортының тағы бір жарқын кезеңі басталды. 2000 жыл аудан тарихына алтын әріптермен жазылды. Құрманғазы ауданының түлегі, Арсен Хатип тұңғыш рет спорттық бәсекеде әлемдік деңгейге көтерілді. 2000 жылғы Испанияда, 2001 жылғы Молдавияда өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. 2002 жылы Будапештте (Венгрия) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің иегері. 2002 жылғы Якутиядағы өткен жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионатының жеңімпазы. Астана қаласында 2006 жылы өткен ересектер арасындағы самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Кейінгі кездері түрлі халықаралық, республикалық жарыстарда жасындай жарқырап жүрген танымал спортшыларымыз жеткілікті. Жас кезінен мамандар назарына іліккен талантты боксшы Бекболат Құрамысовбокстан «Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері». Азия чемпионатының қола жүлдегері, студенттер арасындағы әлем чемпионатының финалисі болды.

Таэквондодан Бейбарыс Нұрбаев, Виктор Рудыкин, Мерген Ғайниев сынды таланттар шоғыры өсіп жетілді. Мерген 2018 жылы Павлодар қаласында өткен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды. «Қазақстан Республикасы спорт шебері» атанып, әлем біріншілігіне қатысты, клубаралық алтыншы Еуропа чемпионатында күміс медальді қанжығасына байлады.

Нұртілек Қонашев панкратионнан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 2015-2016 жылғы әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Қазақстан чемпионы, түрлі халықаралаық турнирлердің жеңімпазы. Ерсейіт Бралин грепплингтен «Қазақстан Республикасының спорт шебері», ел чемпионатының күміс жүлдегері. Бесаспап спортшы білек күшін сынасудан, экстремалды спорт түрлерінен өткен сайыстарда олжа салып жүр.

2018_11_02_3ijotbmp4to_images_thumb_medium650_400

Айбек НӘЖІМОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз