Алтынжардағы жайлау тойы

93cffffad6a9ca55f81ce96e2c27c51b Жаңалықтар

Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. К ө р ш і л е с Р е с е й Ф е д е р а ц и я с ы н ы ң Астрахан өңірінде 150ден астам ұлт пен этнос өкілдері тұрады. Мұндағы жалпы халықтың 15 пайызын қазақтар құрайды. Олардың көп шоғырланған жері – Алтынжар ауылы. Осы аймақтағы қандастарымыз жақында үшінші рет «Жайлау той2019» мейрамын атап өтті.

Осынау мейрамды Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығы ұйымдастырды. «Жайлау тойында» қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары ұлықталды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ашық аспан астындағы басқосу көптің көңілінен шықты. Әсіресе, көздің жауын алар қазақтың ұлттық бұйымдары жұртты тамсандырды. Құрманғазы ауданынан арнайы шақыртумен барған қолөнер шеберлері Ғалия Рысқалиева мен Талғат Жұмалиев өздерінің туындыларымен қандастарын тәнті етті.

Бұл мереке бір жағынан екі ел арасындағы достық қарымқатынасымызды паш етсе, екіншіден, ұлттық мәдени құндылықтардың қасиетін кейінгі жастарға ұғындыруға септеседі. Келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, дастархан басында ұлағатты әңгімелер айтылып, ақ тілектер ақтарылды. Қатысушылар түрлі ұлттық жарыстарда бақтарын сынап, сыйсияпаттардан құр алақан қалмады.

– «Жайлау той» ән-күймен көмкерілді. «Отырар сазы» ансамблінің концерттік бағдарламасы тамашаланды. Бізден де бір топ аудан өнерпаздары барып, ән мен жырдан шашу шашып, шара көрігін қыздырып қайттық, – дейді Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова.

Айнагүл ШАКУПОВА,

Құрманғазы ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз