Қалам иелеріне – құрмет

Saltanattyi shara Жаңалықтар

Кеше Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні аталып өтті. Осыған орай Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайында  сала ардагерлері, БАҚ  пен қала жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын болды.

????????????????????????????????????

Кәсіби мереке иелерін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, билік пен бұқараны байланыстырушы, жақсылықтың жаршысы, өңір жылнамасын жасаушы қалам иелеріне  шығармашылық шабыт тіледі.

Жиында кәсіби мерекені өткізу жөніндегі комиссияның шешімімен журналистиканың әр саласында жемісті  еңбек етіп жүрген үздіктер марапатталды.  Олардың арасында облыс айнасы –«Атырау» газетінің өкілдері де бар. Редакцияның компьютер цехы «Басылымның үздік дизайнері – 2018» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. «Үздік фототілші–2018» аталымында  әріптесіміз Ерлан Алтыбаев бірінші жүлдені иеленді.

Сондай-ақ, спорттық сайыстарда үстел теннисінен қыздар арасында озып шыққан «Атырау» газетінің корректоры Гүлдана Жамбозова қаржылай байраққа ие болды. Ал, газеттің бөлім меңгерушісі Бақытжан Жұмат үстел теннисі мен бильярдтан жүлделі екінші орынға  көтерілді. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің волейболшылары мен футболшылар командасы жүлделі орыннан көрінді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз