«AkZhaiykcamp19»: Оралда атыраулық үшінші сектор өкілдері бас қосты

Жаңалықтар

Atr.kz/11 қыркүйек, 2019 жылАтыраулық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Орал қаласында өткен «AkZhaiykcamp19» семинар-тренингіне қатысты.

«Семинардың – түрлі бағытта белсенді әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бағыттағы жұмыстар мен қаржылық сауаттылықтарын арттыру, тың идеяларының жүзеге асуына жәрдемдесу, фандрайзинг (жобаға қаржы көздерін тарту) бағыты бойынша тәжірибе алмасу» дейді ұйымдастырушылар.

 «Шараға қатысуға 70-тен астам үкіметтік емес ұйым өтініш білдірді. Бірақ, талаптарды толық орындаған 40 ұйым ғана күзгі лагерьге жолдама алды.

Алғашқы күні қатысушылар шараның ашылуына қатысты. Бұдан соң Новосібір қаласындағы «Солнечный город» балаларға арналған қайырымдылық қорының фандрайзері, 285 млн рубль көлемінде қорға қаржы тартқан Стула Земфира мен «Добрый город – Петербург» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Яна Зубко «Жаңадан бастаушыларға арналған фандрайзинг» және «ҮЕҰ қызметіне қаражат іздеу: сыртқы және ішкі ресурстар» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Түрлі ойындар арқылы көрсетілген тренингте үшінші сектор өкілдері өз салаларына байланысты түрлі сұраққа жауап алды» дейді Азаматтық орталықтың директоры  Әйгерім Досқалиева.

Семинар-тренинг аясында қатысушылар үшін Орал қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Сіз не дейсіз?

Яна ЗУБКО, «Добрый город – Петербург» ҚҚ үйлестірушісі:

Жобалық идеялар талқыланды

Семинар-тренингке қатысушылар сабақты жақсы қабылдады.

Семинар-тренингтен соң қатысушылар кешкісін командалық ойындар ойнап, соңы көңілді кешке ұласты.

Шараның екінші күні атыраулық ҮЕҰ өкілдері Ұлыбританиядағы Фандрайзинг институтының мүшесі, қазақстандық фандрайзер Индира Шахтың «Жобалық өтінім деген не? Жобаның нәтижесі мен тиімділігі қандай?» тақырыбында семинар-тренингіне қатысты. Әрбір қатысушы өзінің қазіргі бастаған немесе ойында жүрген жобалық идеяларын тренермен ақылдаса отырып, мақсаты мен нәтижесін бірге талқылады.

Эльвира АРАЛОВА, «Самға, жүрегім» қоғамдық қорының жетекшісі:

Ортақ тәжірибе алаңы болды

Семинар негізінен жобаны жазу, қаржыны тарту сынды мәселелерге жауап берді. Қатысушылар да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ортақ салада жүрген әріптестер үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.

Бір мәселеге жан-жақты көзқарас керек

Қайдарбек Құрмашев, «Ақжол Махамбет» мүгедектер қоғамдық бірлестігі:

Бір дүниеге жан-жақты көзқараспен қарауымыз керек. Әлі де үйренеріміз көп. Өзім әркез ізденісте жүргенді жақсы көремін. Менің ойымша, шарада өте қажетті дүниелер айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *