«Адалдық алаңында» – Атырау: тексеріс нені көрсетті?

img 20200404 wa0054 1 Жаңалықтар

Atr.kz/15 мамыр, 2020 жыл. Таяуда Жылыой ауданындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мәдина Сабыржанқызы бір топ қоғам белсендісімен сауда орындарындағы азық-түлік бағасына, санитарлық блок-бекеттердің қызметіне қоғамдық бақылау жүргізді.

Оның нәтижесі әлеуметтік желідегі @atyrau_adaldyq_alany парақшасында тікелей эфирде баяндалып, байланысқа шыққан елуге жуық оқырман Жылыой ауданының ахуалымен танысты. Мәдина Сабыржанқызының баяндауынша, қазір Жылыой ауданында ахуал тұрақты. Толықтай карантин жарияланып, тұрғындар қозғалысына шектеу қойылды. Қоғамдық орындарда антисептик құралдары қойылып, сақтандыру шаралары қолға алынған.

Бір апта бойы жүргізілген қоғамдық қабылдау кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларында өсім байқалмады. Бірақ, өзге өнімдердің бағасында өзгеріс бар. Құлсары қаласындағы «Аружан», «Ақтөре», «Жұма», «Нұржауған», «Сұлтан» азық-түлік дүкендерінде 1 сортты ұн – 140-150 теңге, нан – 90-100 теңге, рожки – 200-250 теңге, қарақұмық – 350-400 теңге, күріш – 320-330 теңге, жұмыртка – 29-32 теңге, күнбағыс майы – 360-400 теңге, тұз – 50 теңге. Ал, «Аптека-1», «Шипа», «Үміт» дәріханаларында бетперде, антисептиктер мүлдем жоқ болып шықты.

«Соңғы екі күнде қайта жүргізілген қоғамдық бақылау барысында екі дүкенде нан бағасының 130 теңгеден сатылғаны анықталды. Ал, кәсіпкер нан бағасының не себептен өскенін түсіндіре алмады. Бұл дерек бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өзге дүкендерде картоп бағасының 160 теңгеге өсіммен сатылғаны белгілі болды. Кәсіпкерлер соңғы бірнеше күнде Атырау қаласындағы көтерме сауданың қымбаттағанын алға тартты» деді Мәдина Әбдіғалиева.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының қымбаттауы көбінесе жекеменшік азық-түлік дүкендерінде байқалады екен. Қазіргі таңда Жылыой ауданында жеті санитарлық бекет ұйымдастырылды. Онда полиция мен медицина қызметкерлері тепловизор құралымен адамдардың қызуын өлшеп, жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік төлем кімге тиесілі?

«Antikor.live» алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және 5567 теңге көлемінде әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Көңілқос Орысбаев және облыстық мемлекеттік кірістер депар т а м е н т і н і ң түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Нұрболат Сарманов онлайн-конференция өткізді.

Көңілқос Керейұлының айтуынша, бүгінгі таңда жеті санаттағы тұлғаларға тиесілі болатын әлеуметтік көмекке облыс бойынша 47 870 адамнан өтініш келіп, оның 5000-на әлеуметтік көмек беріледі деп шешілген. Жалпы, өтініштің қаралу мерзімі 7-11 күн аралығын құрайды. Әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселесі назардан тыс қалмайды.

Бүгінгі таңда I, II, III топтағы мүгедек жандарға, бала жастан мүгедектерге, оларды бағып отырған ата-аналарға, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, 6-18 жасқа дейінгі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған балаларға әлеум е т т і к т ө л е м тағайындалуда. Әлеуметтік төлемге үміткерлердің мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан жеке шоттарының жабылып, 42 500 теңгені ала алмай әбірге түскендігі жөнінде «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне бірнеше мәрте арызданған тұрғындар бар. Яғни, салыққа бережағы бар тұлғалардың жеке банк шоттары кірістер департаменті тарапынан жабылған екен.

Қазір бұл мәселе оң шешімін тапқанын облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқармасының басшысы Нұрболат Әлібекұлы растады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық шоттар ашылып, әлеуметтік көмекті алуға ешқандай кедергі жоқ екендігін атап өтті.

«Жеке тұлғалар тарапынан жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік салықтарын уақытылы төлемей отырған 8 мың адамның шоты жабылған болатын. Бүгінде берешек 1 миллиардқа жуық теңгені құрап отыр. Елдегі тарап жатқан жалған ақпараттарда әлеуметтік төлем алушыларға салық салынатыны айтылған. Алайда, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік төлем бойынша салықтар мен төлемдер алынбайды» дейді Нұрболат Әлібекұлы.

Ал, 42 500 теңге әлеуметтік төлемнен е ш қ а н д а й с а л ы қ ұсталмайды. Сондай-ақ, бейресми қызмет жасаған тұлғалардың да әлеуметтік көмекті алуға толықтай құқы бар. Бұл үшін қала тұрғындары 1 АЕК, ал, ауыл тұрғындары оның жарты пайызын қорға төлегеннен кейін ала алады.

Егер лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыздықтар байқалса «1424» байланыс телефонына коңырау шалуға болады. Facebook желісіндегі @atyrau_adaldyq_alany парақшасында өткен тікелей эфирді бір мезгілде 74 адам қарап, 37 сұрақ келіп түсті.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз