«Адалдық алаңы – өркениетке бастар жол»

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Кез келген мемлекеттің өркениетті тұрғыда дамуы үшін басты алғы шарт – жариялылық, ашықтық. Осы орайда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің құрылуы қоғамның көптен күткен жаңалығы еді. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Альфия Әдиевамен арада болған сұхбатқа аталмыш мекеменің маңызы, атқарылып жатқан істер арқау болды.

– «Атырау – адалдық алаңы» кеңсесін құрудағы әу бастағы мақсат қандай еді? Мұны халықтық жоба деп атауға бола ма?

– Кез келген мемлекетті кері кетіретін өте қауіпті фактор бар. Бұл – жемқорлық. Аталмыш кеңсені құрудағы басты міндет – тұрмыстық жемқорлықты жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтарға ашық қолайлы орта қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту.

Сонымен бірге, кедергісіз қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамды ашықтық алаңына айналдыру. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шаралары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және арнайы монторингтік топпен бірлескен түрде атқарылып келеді. Азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру – ең негізгі мақсат десек те болады.

Қазіргі уақытта «Атырау – адалдық алаңы» жобасы аясында облысқа қарасты барлық аудан орталықтарында осындай кеңселер құрылып, 7 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде: Яғни, білім беру, денсаулық, әлеуметтік, сәулет, құрылыс және тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, сот және құқық қорғау салалары бойынша.

– Жоба жұмысы аясында анықталған қандай мәселелерді ерекше атап өтер едіңіз?

– Дәрігерлер дауы адалдық алаңымен шешімін тапты. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Атырау облыстық балалар ауруханасы қызметкерлерінің зейнетақы төлемдері маусым айынан бастап үш ай көлемінде төленбегендігі жөнінде белгілі болды. Осылайша, арнайы мониторинг топпен бірлескен жұмыс нәтижесінде қызметкерлердің зейнетақы жарнасы аударылды.

Білім саласы да – біздің басты назарымызда. Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында мектептерде кеңсе тауарларының жетіспеуі салдарынан ата-аналар арасында ақша жинау және қала мектептеріндегі алты мектепте асхананың жоқтығынан балалардың шеберханаларда сырт киіммен тамақтануға мәжбүр болыпотырғандығы анықталды.

Тағы бір мәселе, бұған дейін Атыраудағы теміржол вокзалының кіреберісінде билеттердің заңсыз сатылғандығы белгілі болды. Бірінші жартыжылдықта жүргізілген тексеріс кезінде 16 жолсеріктің билетсіз кісі отырғызғаны анықталды. Олар әкімшілік жазаға тартылды. Төрт жолсерік жұмыстан шығарылды. Екі тоннадан астам заңсыз жүк тасымалданғаны анықталды.

– Теміржол дегеннен шығады, қоғамдық көлік тасымалына үнемі тұрғындар тарапынан арыз-шағым түсіп жатады. Жалпы, қоғамдық көліктерге, автомобиль жолдарына бақылау жүргізіле ме?

– Рас, қала тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік тасымалына арыз жиі түседі. Қазір бір ғана Атырау қаласы бойынша 30 бағытта маршрут қатынайды. Яғни, атыраулықтарға барлығы 196 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде.

Айта кетсек, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен жобалық кеңсе мүшелері №2 және №14 маршруттарға қоғамдық бақылау жүргізді. Соңғы аялдамадан қозғалған маршрутта жолаушыларға 1-3 сағат бұрын шығарылып қойылған чектерді таратқаны, кейбіреулерге мүлдем чектер берілмегені анықталды. Екі күнге созылған мониторинг кезінде бір рет қана бақылаушыны көрдік, онда да чектер мерзімімен т е к с е р і л м е д і .

Ж о л а у ш ы орындықтарының сапасыздығы, жүргізушілердің жол ережесін бұзуы – өз алдына бөлек тақырып. Қазіргі таңда жобалық кеңсенің ықпалымен онлайн төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. №65 автобус кондукторсыз қызмет көрсетуде.

– Автокөлік апатынан ажал құшу оқиғалары да алаңдатарлық жағдай…

Асылында, әр жүргізуші жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі көліктеріне жол беруге міндетті. Бірақ, күнделікті тәжірибе автокөлік жүргізушілерінің көп жағдайда бұл ережені елемейтінін көрсетіп отыр. Осы ретте «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген «Жол бер де, өміріңді құтқар!», «Жол мәдениеттілігін қалыптастыру» сынды акциялар өтті. Ж ө н д е у ж ұ м ы с т а р ы аяқталған республикалық және қала ішілік жолдардың сапасы да басты назарымызда.

Осы орайда, республикалық маңызы бар Доссор-Мақат, Атырау -Ақтөбе, қ а л а і ш і л і к «Құрманғазы» көшесінің бойындағы жолдардың сапасына «Жол активтері сапасы» Ұлттық орталығының жылжымалы лабораториясымен бірлескен түрде мониторинг жұмыстары жүргізілді. «Құрманғазы» көшесінің бойындағы жол сапасының сын көтермейтіндігі анықталып, жол құрылыс жұмысына жауапты «Атырауинжстрой» ЖШС-і шұқырға (ойыс) айналған жолды қалпына келтірді.

– Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қандай жобалар іске асырылуда?

– Қ о ғ а м д а а д а л д ы қ т ы , парасаттылықты қалыптастыру, азаматтардың ой-санасын өзгерту мақсатында «Адалдық айнасы», «Адал көпір», bookcrossing, адалдық дүкені, «Адалдық алаңы» телебағдарламасы, «Адал жүрек» қайырымдылық жобалары жүзеге асырылуда. «Адалдық айнасы» жобасы – полиция қызметкерлерінің отбасылық суреттерін орналастыру арқылы оларға заңды бұзбауға, ала жіпті аттамауға, күмәнді іс әрекетті бастамас бұрын отбасын ойлауға үндейді.

«Bookcrossing» кітап алмасу акциясы. Бұл жоба аясында кітап толы сөрелер жасақталды. Онда әрбір адам өзі оқыған кітабын өзге кітаппен алмастыра алады. «Адалдық дүкені» – сатушысыз жұмыс істейді. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында іске асырылған бұл жобада әрбір адам өзіне керек тауарын алып, оның ақшасын сол жердегі қорапшаға салып кетеді. Бұл да болса, жас буынды адалдыққа тәрбиелеу.

«Адалдық алаңы» телебағдарламасы – қарапайым халықтың хәлін көк жәшік арқылы жеткізіп, олардың үміт отын жағуға естір құлақ пен ұғар жүрек табуға көмектесетін халықтық жоба.

«Адал жүрек» қайырымдылық бағыттағы жоба. Яғни, біздің кеңсенің қызметкерлері екі күндік еңбекақыларын бөліп, көп балалы және мүгедек адамдары бар алты отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Корея еліне ем алуға аттанғалы отырған 6 жасар Хамит Исламғалиды қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті. Шарадан түскен 186 мың теңге кішкентай бүлдіршіннің еміне жұмсалды.

– Қала тұрғындарымен байланыс қалай жүргізіледі?

– Қала тұрғындары арасында алаң туралы қандай ақпарат білетіндігін анықтау барысында блиц-сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде халықтың 75 пайызы облыс шеңберінде тұрмыстық жемқорлықпен күресудегі жұмыс қарқынды жүріп жатқандығын «Атырау – адалдық алаңы» жобасы арқылы хабардар екендігін айтты. Ал, қалған 25 пайызы бұл жобаның атын естігенімен, нақты
жұмыстарынан хабарсыз.

Осы бағытта «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, арнайы имидждік бейнероликтер түсіріліп, халық көп шоғырланатын мекемелерде, демалыс орындарында насихаттау жұмыстары қолға алынды.

Сұхбаттасқан:

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

***

Атырауда «Парасатты мектеп» жобасы қолға алынды; Бұл мақсатта «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен облыстың білім беру ордаларында «Парасатты мектеп» жұмысын ашу бойынша қызмет жасауда. Қазіргі уақытта Исатай ауданының 4 мектебінде осындай мектеп ашылды.

Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылдық округінің әкімі «Оpen space» кабинетіне көшті. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресіп, кәсіби қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешіп, әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

  • Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесi Атырау облыстық полиция департаментімен және Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерінің қазіргі орналасу жай-күйіне қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде. Бақылау барысында қала тұрғындарынан түскен ұсыныстар зерделеніп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жол белгілерін қалпына келтіру, қайта орнату бойынша ұсыныстары жолданды. Бүгінде бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша Нұрсая ықшамауданында бірқатар жол белгілері орнатылды.

– Студенттерге бастама ретінде орталықтарда арнайы құрылған сатушысыз 195 «Адал» дүкені аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен жүзеге асырылуда.

– Халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер де тұрғындармен ашық қарым-қатынас жасау мақсатында «фронт-офис» форматтарына көшірілуде.

– Тұрғындар арасында сауал көп. Оның шешімін іздеуге де уақыттың керек екені анық. Осы мақсатта, мемлекеттік қызмет басшыларының қатынасуымен «Халықтық заңгер», «Тұрғындар адалдық алаңымен бірге» жобалары жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *