АБЗАЛ – РЕКТОР КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

turnir shahmat Жаңалықтар

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Атыраулық шахмат сүйер қауым жуырда Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында  ректордың кубогына арналған  жарыста бас қосты.

Осымен 8-ші рет ұйымдастырылып отырған жарыс швейцар жүйесімен өткізіліп, өңіріміздің аудандары мен қаласынан жиналған 50-ге жуық шахматшы екі күн бойы өзара мықтыны анықтасты.

«Рапид» номинациясы негізінде 7 турдан құралған сайыста әр партияға 25 минуттан уақыт беріліп, тартысқа толы ойындар нәтижесінде ардагерлер арасында  Бөкенбай Ағаша, әйелдер бәсекесінде Жазира Боран, ұлдар сайысында Аят Абдуллаев, қыздар жарысында Зарина Нұрғалиева, студенттер тобында Тұрар Шаймардан жеңімпаз атанды.

IMG 20190311 WA0001

Ал, жарыс барысында тамаша ойын өрнегін көрсеткен  Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназиясының 8 сынып оқушысы Абзал Әмірәлі   турнирдің абсолютті жеңімпазы болып, ректор кубогының иегері атанды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының   ректоры Ерсайын Ихсанов барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыстады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз