АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

200123235832067e Жаңалықтар

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

Сонымен қатар, Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.

Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ америкалық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

2001232358009100f
http://atr.kz/arnayyi-zhobalar/madeni-m-ra/abaj-turaly-film-t%D2%AFsiruge-%D3%A9tinish-%D2%9Ba%D2%A3tardy%D2%A3-so%D2%A3yna-dejin-%D2%9Babyldanady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз