Аққыстау ауылында полицейлер үш баланы өрт ортасынан құтқарып қалды

pozhar 2 Жаңалықтар

Atr.kz/17 қаңтар, 2020 жыл.   Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында жергілікті полицейлер түтінге оранған үйден үш баланы алып шығып, ажал аузынан құтқарып қалды.

 Жеке үйде газ қазандығы жанып жатқан кезде 6, 7 және 15 жастағы үш бала болған. Ал, үйдің иелері жақын туыстарының жерлеуіне кеткен екен. Атырау облысы, Исатай ауданының Патрульдік полиция инспекторлары Ғалымжан Науанов пен Бекжан Мұратқалиев өрт туралы хабар түскеннен кейін шұғыл көмекке жеткен.

Тұрғын үй қазандығының газ құбырынан өрт шығып, үйді қою түтін басқан. Полицейлер көп ойланбастан үйге кіріп, ұйықтап жатқан алты жасар қызды оятып, үш баланы да қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Таяуда полиция департаменті бізге әмбебап құтқару жиынтығын берген еді, сол керегімізге жарады. Өрт сөндіргішті алып, ашық алауға қарай бардық. Көршілер шелек алып, өздері өртті сөндіруге әрекеттенген екен. Бірақ, оны сөндіру мүмкін болмаған. Біз өртті арнайы құралмен сөндірдік» дейді Ғалымжан Науанов.

Сәбилерін «тілсіз жау» тырнағынан құтқарған үш баланың анасы әлеуметтік желі арқылы қырағы полицейлерге алғысын айтты.

Аяпберген САЛИХОВ, Исатай ауданы

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-t%D3%99rtip-sa%D2%9Bshysy-%D3%A9z-%D3%A9zine-%D2%9Bol-zh%D2%B1msama%D2%9B-bol%D2%93an-%D2%9Byzdy-%D2%9B%D2%B1t%D2%9Bardy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз