Атырау мұнай өңдеу зауыты тазарту құрылғысын салмақшы

anpz БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/plMFz2gGjEU

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Жаңа тазартқыш қондырғылардың құрылысы аяқталғаннан кейін, зауыт шығынын 20 есеге азайтады.

Бұл туралы ӨКҚ-да өткен брифингте Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбай мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жаңғырту кәсіпорынның қоршаған ортаға теріс әсерін айтарлықтай азайтады.

– Бұл Атырау облысы үшін қымбат және әрі маңызды жоба. «TAZALYQ» жобасы мұқият ойластырылған болатын, біз шетел мемлекеттерінің тәжірибесін басшылыққа алдық, және біздің ойымызша, Мәскеу АМӨЗ-нің ең жақсы жобаларының бірін таңдадық. Біздің зауыт қаланың ішінде орналасқан. Сондықтан, экологиялық жағдайды жақсартудың оң нәтижесін ескере отырып, біз осы жобаны іске қосуды бастау туралы шешім қабылдадық, – дейді Шухрат Данбай.

Ағынды суларды тазарту қондырғыларының құрылысы 3 учаскеге бөлінеді: жабық типті механикалық тазарту құрылыстарын салу, биологиялық тазалау қондырғыларын жаңғырту, булану алаңдарында дренаждық жүйелерді салу және булану алаңдарын қалпына келтіру.

– TAZALYQ іске асыру көп кезеңді тазалау жүйесін пайдалану арқылы Жайық өзенінен су жинауды азайтады, сондай-ақ ластаушы заттардың 98 пайызға жуығын алып тастайды. Жаңғыртуды 2022 жылға қарай аяқтау жоспарлануда, – дейді қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағызбаев.

Осыған байланысты тазартылған сарқынды сулардың сапасы су нормаларына жетеді және қатты заттарын ағынды суларға шығару толығымен алынып тасталады және тазартылған судың 70% қайтадан зауытта пайдаланылады.

TAZALYQ жобасын іске асыру 2026 жылға дейін жалғасады, ал булану алаңдары түпкілікті қалпына келтіріледі – булану алаңдары залалсыздандырылып, зауыт айналасында арнайы геомембранамен қапталған бөгет салынатын болады.

Айта кетейік, бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауыты ресейлік «Медиана-фильтр», компаниясымен ішкі зауыттарды жобалауға, сондай-ақ Қазақстан мұнай және газ институтымен арнаны салуға 2 келісімшарт жасасты.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қарашасында МӨЗ-нің қызметін облыс басшысы Нұрлан Ноғаев сынға алды. Атырау облысының әкімі зауыт басшылығына ағынды суларды кәріз суларының мәселесін қарастыруды, сондай-ақ қала ішіндегі сутекті күкіртті шығарындылар туралы тұрғындардың шағымдарына назар аударуды тапсырды. Аймақ басшысы уәкілетті органдарға осы мәселені толығымен шешуді тапсырды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз