Ауылшаруашылығы үшін 48,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

50549126 623573291410674 2278503708423618560 o Жаңалықтар

50549126_623573291410674_2278503708423618560_o

Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы жер телімдері бойынша ревизия жүргізуді тапсырды. Барлық аудан бойынша 2016-2018 жылдары мемлекет меншігіне ауылшаруашылығы үшін жалпы ауданы 48,9 мың гектар жер қайтарылды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

50411421_623573284744008_6161755417954222080_o

Қызылқоға ауданындағы ауылшаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі жиында облыс әкімі жер телімдерінің мақсатты пайдалану сауалын көтерді.

– Ауылшаруашылық жерлерін сол жерде жұмыс жасауға ынтасы бар азаматтар алу қажет. Жер бөлу бойынша ешқандай субъективті мәселе болмауы қажет. Сондай-ақ, бұл жерлер игерілмей, бос жатпау керек- жер алғаннан кейін адам өзіне орындауға міндетті белгілі бір жауапкершілік алады. Егер адам алған жерін талапқа сай пайдаланбаса бұл іспен айналысатын басқа шаруа табу керек. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасы – «Жер телімдерін мақсатты түрде пайдалану керек». Өткен жылы біз мемлекет меншігіне 48,9 мың гектар жерді қайтардық. 2019 жылдың қаңтарында 12,5 мың гектар. Бұл жұмыс жалғасын табады, облыстағы барлық жер телімдері бойынша ревизия жүргізіледі. Берілген мүмкіндікті пайдаланбағандар кесірінен осы мүмкіндікке мұқтаж жандар зардап шегеді. Бұлай болмауы қажет,- деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

2018 жылдың көрсеткіші бойынша өңірде тұрғын үй үшін 111 764 адам кезекте тұр. Өткен жылы осы мақсатта 1177 гектар жер берілген.

47048445_623573274744009_1799362538475880448_o

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз