Ұстаздың ұялы телефонын ұрлап, ұсталды

shutterstock 376319674 26 Жаңалықтар

Азаматша Ж. бөлмеде бөгде адамдардың жоғын пайдаланып, Миялы ауылындағы орта мектептің мұғаліміне тиесілі «Samsung GALAXYS4» маркалы ұялы телефонын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

shutterstock_376319674_26

Енді Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Нәтижесінде, жәбірленушіге жалпы құны 100 000 теңге материалдық шығын келтірілген. Басты сот талқылауында Ж. кінәсін мойындап, әрекеті үшін жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібімен татуласуларына байланысты, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.  Сөйтіп, жәбірленуші келтірілген залалдың орны толтырылып, сотталушының қояр талабы жоғын, онымен медиация тәртібімен татуласқанын айтты. Осыған орай, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді. Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Сотталушы тараптардың медиация жолымен татуласуларына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен  босатылды.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз