41 млрд теңгеге 92 жоба мақұлданды

full 483 Жаңалықтар

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 92 жоба мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«4 шілдедегі жағдай бойынша жобалық кеңсе жұмысында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 1 трлн теңгеден астам сомада 1,5 мың бизнес-жоба бар. Бұл елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен отыз пайызын құрайды. Оның ішінде 41 млрд теңгені қамтыған 92 жоба мақұлданды, ал 280 млрд теңгеден астам 166 жоба банкте қаралу үстінде», – деді Ж. Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, «Қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша бизнестің жоғары белсенділігі Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында байқалды. Осы орайда Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі аталды.

«Тек соңғы айда мақұлданған жобалар саны екі есеге артты. Негізгі несиеленген жобалар азық-түлік өнімдерін (6,6 млрд теңге), қызметтерді (11,1 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешенін (4,2 млрд теңге) және жеңіл өнеркәсіпті (2,7 млрд теңге) қамтыды. Мақұлданған 92 жобаның 29-ы жаңа өндірістерді құруды, 63-і қолданыстағы өндірісті кеңейтуді көздейді. Аталған жобаларды іске асыру шамамен 2 мың жұмыс орнын құрады», – деді Жеңіс Қасымбек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз