38 жасар азамат екі баласымен суға батып кетті

v vko snova sluchilas tragediya na vode Жаңалықтар

Атырау облысының Индер ауданында 38 жасар азамат екі баласымен бірге суға батып кетті. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні, сағат 22:32-де болған. Бұл туралы редакциямызға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

v-vko-snova-sluchilas-tragediya-na-vode

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Есбол селосының тұсындағы Жайықта қолдан жасалған қайықпен серуендеу кезінде 1979 жылы туған ер азамат 13 және 4 жастағы балаларымен өзен ортасына жеткенде, бір-бірін құтқару үшін суға секірген.

Салдарынан үшеуі де «тілсіз жаудың» құрбанына айналған. Қайғылы оқиғадан кейін, 28 тамыз күні, сағат 00:20-да жергілікті тұрғындардың күшімен 13 жастағы баланың денесі табылған. Ал, Батыс аумақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сағат 09:10-да ер азаматтың және 4 жастағы баланың өлі денесін су бетіне шығарыпты.

Сонымен қатар, 27 тамыз күні, сағат 18:30-да Индер ауданына қарасты Көктоғай селосында 17 жастағы жасөспірім суға батып кеткен. Бүгінде 2000 жылы туған Е.К.Кайратовты жедел-құтқару жасағы іздестіруде. Оған 2 техника және 3 құтқарушы жұмылдырылған.

Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысындағы су айдындарында 15 қайғылы жағдай тіркеліп, 18 адам қаза тапқан. Соның ішінде сегізі бала болып отыр.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз