3 миллион шоқыр шабағы суға жіберілді

20160711123731 Жаңалықтар

Атырауда 3 миллион шоқыр шабағы өсірілді.

20160711123731

«Шоқыр шабақтары көктемде табиғи ортада ауланған және зауытта қыстаған балықтардың уылдырықтардан өсірілді. Уылдырықтардан дернәсілдер жарып шыққаннан кейін, тоғанға орналастырылды. Олар онда жетілді. Шабақтар 3-тен 7 грамға дейін салмақ қосты. Олар Жайық өзеніне жіберіліп, кейін Каспий теңізіне барады. Біздің кәсіпорында өсірілген 3 миллион 227 мың шабақ суға жіберілді», – деп хабарлады Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Гильман Сарсемалиев.

Биыл өңірдегі екі зауытта барлығы 6 миллион бекіре шабағы өсіріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз