24 сағат шепте: Атыраулық полицей сұхбатында не айтты? (+ ВИДЕО, + ФОТО)

5 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/18 мамыр, 2020 жыл. «Тәулігіне 24 сағат ел үшін еңбек етуге өзін әлдеқашан арнап қойған адам» туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі ролик түсірді.

Атыраулық полицей Асланбек Ғарифуллин жұмыс уақыты деген ұғымды әлдеқашан ұмытқан адам.

График, норма дегендерді ысырып қойып, уақытпен санаспай қоғам тыныштығын күзетіп жүрген Асланбек Ғарифуллин елімізде коронавирустың алғашқы дерегі тіркелген күннен бастап, пандемиямен күреске жұмылдырылған полицейдің бірі.

5 5

Атырау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция батальонының взвод командирі болып еңбек ететін Асланбек Ғарифуллин бүгінде қызмет барысының күшейтілген режимге көшірілгенін айтады.

«Біздің міндетіміз індеттің таралып кетпеуіне жол бермеу. Әрине, қауіпті дерттің алдын алудың бірінші салмағы дәрігерлерге келіп түсуде. Алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерімізден кейін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қазақстандық полиция мен әскери қызметшілердің міндеті болып отыр.

Қазіргі жағдайда менің міндетім бес – алты автопатруль бекеттерін бақылау.
Мен автопатруль бекеттерінің қызметіне толықтай жауаптымын. Әкімшілік аумақтарында берілген хабарламалар, болған жағдайларды бақылау, қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз» деген Асланбек Ғарифуллин Қазақстан полициясының халқымыздың бұрынғы қалыпты өміріне оралуы жолында еңбек ете беретінін айтты.

«Өзім екі баланың әкесімін. Пандемия келмес бұрын үйге барған бойда алдымнан шауып шыққан құлыншақтарымды құшақтайтынмын. Қазір де қыздарым есік алдынан қарсы алады. Бірақ, мен әбден жуынып-шайып, барымша зарарсызданғаныма көзім жеткеннен кейін ғана оларды құшағыма аламын.

Пандемия бізді көп нәрсеге үйретті. Ата аналарымызды, отбасымызды, әр адамның қадірін түсіне білуді үйретті. Бір-бірімізді, әр сәтімізді бағалай білейік. Біз біргеміз» дейді атыраулық полицей Асланбек Ғарифуллин.

5 4
5 6
6
img 20200516 wa0053
5 10
5 8
img 20200516 wa0050
5 3
5 7

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТО – Расул СЕРІКОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз