2-4 наурыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

9255393 Жаңалықтар

     Atr.kz/1 – наурыз, 2019 жыл. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады.

«Қазгидрометтің» ақпаратынша, елімізге Орталық Азия мен Ресейдің еуропалық бөлігінен біруақытта циклондар ығысуда. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдай сақталады деп болжанып отыр. 

9255393

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың әсерінен қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейіп, көктайғақ болады. Ал, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен жабысқақ қар жауады, дүйсенбі күні қатты жауын-шашын болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Бұл күндері ауа температурасы да құбылады, бірақ батыстан басқа аймақтарда климаттық нормадан жоғары болады. Ал, батыста нормаға жақын және төмен болады деп болжануда.

Дереккөз: «Sputnik»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз