13 мамырдан бастап Атырау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтары толықтай жұмысқа кіріседі (+ ВИДЕО)

img 20200512 wa0187 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Ескерерлігі, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан онлайн режимде алу мүмкіндігі қарастырылмаған қызмет түрлері ғана алынады.

Және азаматтар электронды үкіметтің бірегей порталынан немесе 14-14 колл-орталығы арқылы алдын ала кезек алуы қажет.


Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары заңды тұлғалармен бірге, жеке тұлғалаларға да қызмет көрсетеді. Бастысы, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады.


«13 мамырдан бастап, Атырау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1, 2, 3 филиалдары және мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастайды. Бұл жерде орталықтардың жұмысы жаңа форматта жалғасатынын атап өткеніміз жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация 600-ден астам қызмет түрін ұсынып отыр.

img 20200512 wa0185

Көрсетілетін қызметтің 80 пайызын клиенттер үйден шықпай ақ, онлайн режимде ала алады. Қалған 20 пайыз, яғни, құжат түріндегі қызмет түрін орталыққа келіп, алу қажет» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының баспасөз-хатшысы Нұрлыбек Бақтығали.


Атап өтерлігі, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды қызмет түрлерін орталықтардан кедергісіз ала алады. Бұл санаттағы азаматтар үшін барлық фронт-кеңседе жеңілдік терезелері жұмыс істейтін болады. Бірақ, бұл санаттағы азаматтар да алдын ала онлайн кезекке тұруы керек.


Десе де, қызмет көрсету тәртібінде өзгерістер бар. Өзгерістер халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мемлекеттік қызмет түрлерін және қызмет көрсетудің форматын да қамтып отыр.


Еске сала кетелік, бұған дейін елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашықтықтан қызмет көрсету режиміне көшкен еді.


Дегенмен, 4 мамырдан бері Атырау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының №3 филиалы (Азаттық көшесі, 96 б) шағын және орта бизнес өкілдері үшін қызмет көрсетіп келеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

img 20200512 wa0190
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз