«Индер-Қарабау» жолы қайта жаңартылады

555555 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан. 66,4 шақырымға жуық облыстық және аудандық маңызы бар, ауылішілік автомобиль жолдары қалпына келтіріліп, 99,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың есеп беру жинында белгілі болды.
Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 71,2 шақырымды құрайтын 141 көшеге жол құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

555555


-Іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырымдық «Қарабау-Миялы» аралығын (80-203 шақырым бөлігі) қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жолдың қалған «Индер-Қарабау» аралығын облыстық бюджет есебінен қайта жаңарту үшін жобалау-сметалық құжат әзірленіп, сараптамаға жолданды, – деді ол.
Аймақ басшысының атап өтуінше, өткен жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жол 1 113,2 шақырымды, қанағаттанарлықсыз күйдегі жол 948,4 шақырымды құрады. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастыру үшін 13,7 млрд. теңге бөлінген.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз