Өз құқығыңды біл!.. (+ФОТО)

IMG 20190624 WA0017 Жаңалықтар

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. «Адамгершілік» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара осылай аталды.

Кез келген заң ел мүддесі үшін жасалатындықтан еліміздің әр азаматы өз құқықтарын білуге міндетті. Осы орайда «Infinity plaza» қонақ үйінде  қала тұрғындарына тегін семинар өтті. Ондағы мақсат – облыс халқының тұтынушылық құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі жағдайларда өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға үйрету, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетуге бағытталды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қайрат Нұрғалиев, Атырау облысы бойынша адвокаттар коллегиясының төрайымы Айсұлу Омарова және «Адамгершілік» ҚҚ төрайымы Салтанат Рахимова және заңгер Дарья Ульжагалиева  тұрғындарға тұтынушылардың негізгі құқықтары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

IMG 20190624 WA0019
IMG 20190624 WA0020
IMG 20190624 WA0022
IMG 20190624 WA0021
IMG 20190624 WA0023
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз