Өндірісті өңірде оң өзгерістер бар…

WhatsApp Image 2019 06 21 at 17.53.34 Жаңалықтар
Atr.kz/21 маусым, 2019 жыл. Атырау облысының депутаттарына өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Облыстық мәслихат отырысының кезекті мәжілісінде жол жұмыстары туралы ақпарат, бюджеттің орындалуы мен әскерге шақырту мәселесі тыңдалды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев, депутаттарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді.

– «Актөбе-Атырау-Астрахань» тас жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 128 шақырым автокөлік тас жолын жаңарту жұмыстары үшін келісімшартқа қол қойылды. Бүгінгі таңда 330-370 шақырым аралығындағы жолдың жоғары қабатын алып тастау, сондай-ақ, айналма жол құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа 212 адам, 133 құрылыс техникасы жұмылдырылды, – дейді Әсет Оразғалиев.

418-458 шақырым аралығындағы жөндеу жұмысына 66 жол техникалары мен 133 маман тартылды. Сондай-ақ, Мақат-Доссор автокөлік жолының 17 шақырымын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстың бекітілген бюджеті ағымдағы жылы 379 млрд теңгені құрады. Отырыс барысында депутаттар аймақтағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және құрылыс саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша қаражатты бекітті.
Қаржы басқармасының басшысы депутаттарға 2018 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы әскерге шақырту мәселелері туралы баяндады.

WhatsApp Image 2019 06 21 at 17.53.34 2

– Әлеуметтік жобаларды, жол құрылысын, коммуналдық қызметтерді қаржыландыру оң нәтижесін беріп келеді. Бұл атқарушы биліктің барлық басшыларының, депутаттардың, қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – дейді Нұрлан Ноғаев.

– Бұл жұмыстар биылда жалғасын табатын болады. Бөлінген қаражат облыстың тіршілігін қамтамасыз ету үшін көптеген мәселелерін шешуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға, ауыз сумен қамтамасыз етуге, тұрғын үй құрылысына және басқа да бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысына, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың өңірдегі экономиканы дамыту үшін жұмсалатынын атап өтті. Бұл сондай-ақ, мемлекеттік ауқымды жобаларды іске асыруға, соның ішінде «Атырау-Астрахань» тас жолын қалпына келтіру жұмыстары болып табылады.

Жиын отырысында материалдық-техникалық жабдықталған әскерге шақырту пунктерінің мәселесі қаралды. Облыс әкімінің айтуынша, Махамбет ауданында әскерге шақырту үшін әскери комиссариат ғимаратын салу үшін қаражат бөлінген.

Сессия отырысында сондай-ақ, тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, екі депутаттың мандатына дауыс берілді.

WhatsApp Image 2019 06 21 at 17.53.34 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз