Әлемдік жарыста топ жарған атыраулық жасөспірімдер

mma1 Жаңалықтар

Atr.kz/5 шілде, 2019 жыл. Ресейдің Кисловодск қаласында бәсекелері сегіз бұрышты тор алаңда жүргізілетін MMA-дан (жекпе-жек спорты) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп,  жер шарының әр түкпірінен жиналған  шеберлер бақтарын сынаған бұл  байрақты бәсекеге Атырау облысының спортшылары да қатысты.

Үш күнге созылған жарыс  қорытындысында жерлестеріміз Назар Жандос (30 келі), Айдын Атауов (46 келі) және Бақтияр Бақдәулетовтер (38 келі)  өз салмақтарында ақтық кездесулерінде ғана есе жіберіп, әлемдік біріншіліктің  күміс жүлдегерлері атанды.

Сондай-ақ, осы сайыста жақсы қырынан танылған Диас Ғабдоллла (12-42 келі), Ерген Жолдыбаев (38 келі), Сұлтан Оранбасаров (+60 келі), Бексұлтан Шахпатуллалар (84 келі) қола жүлде үшін болған сында жұлдыздары жоғары болып, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан табылды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

mma
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз