Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллион адамға жуықтап қалды

COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. 8 сәуір күнгі таңдағы мәліметтерге қарағанда, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 433 049 адам тіркеліп отыр.

Бір тәулікте қатерлі вирус жұқтырғандар саны 84 483 адамға жетті.

Қазақстан Республикасының коронавируспен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметке қарағанда, бүгінгі таңда әлем бойынша қауіпті індеттен көз жұмғандар саны — 82 083 адамға жетіп отыр.

Ал, жазылып шыққандар саны — 302 150 адам.

http://atr.kz/bez-rubriki/bireui-zhylyojly%d2%9b-atyrauda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-ta%d2%93y-t%d3%a9rt-adam-tirkeldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз