Қырғызстанда қалып қойғандар Атырауға жеткізілмек

200322235933664a3628467i Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. Қырғызстанда науқас баласымен елге қайта алмай қалған аналар 24 наурызда Атырауға жеткізілетін болды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі балалары сал ауруына шалдыққан атыраулық тоғыз әйел Бішкекте қалып қойғанын хабарлаған еді. Олардың бәрі Қырғызстанға ем алуға барған. Бірақ олар үйге қайтамыз деп отырған рейс кейінге қалды. Сондықтан балалар мен аналарды әскери авиация бортымен елге жеткізу жоспарланды.

«Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері Жасұлан Ханалиев бізбен үнемі байланысып отырды. Ол әскери ұшақ Бішкек әуежайына 23 наурызда ұшып келетінін хабарлады. Ал 24 наурызда біз үйімізге жетеміз. Бортта біздің жанымызда дәрігер болады», – деп хабарлады бір баланың анасы Гүлжан Құсайынова.

«ҚазАқпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-ipotekalyқ-tөlemder-үsh-aj-toқtatyla-tұrady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз