Қоғамдық көлік – «онлайн» режимінде!

67906343 867408716974946 1773687971304701952 o Жаңалықтар

Atr.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Атыраулықтар автобустардың қозғалысын «онлайн» режимінде бақылай алады.

Мұнайлы астанада қоғамдық көліктерді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Infobus» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Енді атыраулықтар нақты уақыт режимінде автобустардың қозғалысын бақылай алады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «nfobus» мобильді қосымшасы іске қосылды.

– Біз GPS трекерлері бар 140 жаңа автобусты жабдықтадық. Енді атыраулықтар аялдамаға автобус келетін уақытын көре алады. Жаңа қосымша автобусты күту уақытын үнемдеуге көмектеседі , – деді« Smart Атырау » ЖШС директоры Әділбек Танкиев.

Айта кету керек, Атырауда қоғамдық көліктерде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру кезінде дифференциалды тариф енгізілетін болады. Бұл тарифтердің электрондық төлем жүйесіне ең қысқа мерзімде өтуге мүмкіндік береді.

67606000 867408783641606 874314372049010688 o
67636519 867408753641609 8069954265956745216 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз