Қазақстандықтар қанша күн демалады?

7624238 Жаңалықтар

Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл. Желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.   

1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.

Atr-Ақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз