Қазақстанда коронавирустан екінші науқас көз жұмды, онымен байланыста болған екі адам инфекция жұқтырды

vrach4 Жаңалықтар

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл Марқұм Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты.

Ресми ақпаратқа қарағанда, пациент 50 жаста болған. Ол осыдан тура он күн бұрын жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылған екен.

Науқас бір ай бойы ауырғанына қарамастан, медициналық көмекке жүгінбеген. Мұның себебін ол қызметінің жиі іс-сапарлармен байланысты болуымен түсіндірген.

Бүгінгі таңда отбасы мүшелері мен әріптестері, яғни барлық 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді. Марқұмның отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы тіркелді.

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj%d2%93a-oraj-42-500-te%d2%a3ge-alatyn-azamattar-tizimi-ke%d2%a3ejtildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз