Қазақстанда электромобильге қызығушылық қандай?

200204182841499e Жаңалықтар

Atr.kz/5 ақпан, 2020 жыл. 2020 жылғы қаңтарда Қазақстанда 110 мыңнан астам автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті.

«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 110 845 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,6 пайызға артық. Оның ішінде 103 797-сі екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда өсім 0,9 пайыз болды. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 7 048-ді құрады. Ол былтырға қарағанда, 13,2 пайызға жоғары», – деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.

Биылғы қаңтарда Қазақстан аумағында екі электромобиль тіркелген екен.

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (69 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған. Оның ішінде 20 жылдан асқандардың үлесі 44 693 мың (43,1 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 26 пайызды (26 943 көлік) құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейін – 17 468 (16,8 пайыз), 8-ден 10 жылға дейін – 10 088 (9,7 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көліктер саны 4 555-ке жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,05 пайыз (50 автомобиль) болды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Тағы оқыңыз:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз