Қазақстанда 3,5 млн жеңіл автокөлік салықтан босатылуы мүмкін

7e24a73cc756d6abc78a0051c53fcbac Жаңалықтар

Atr.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл.  Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазіргі уақытта елімізде 3,7 млн жеңіл автокөлік бар. Енді оның 3,5 миллионы салықтан босауы мүмкін. Яғни, салықтан қозғалтқыш көлемі 3 мың куб метрден аспайтын көліктер ғана босатылады.

Қазіргі уақытта Алматы облысында аталған параметрге сәйкес келетін  479 мың көлік бар. Алматыда қаласында 444 мың, Шығыс Қазақстан облысында 288,8 мың, Қарағанды облысында 272,1 мың, Нұр-Сұлтан қаласында 254,1 мың автокөлік бар.

Түркістан облысында 240,3 мың, Жамбыл облысында 191,2 мың, Ақмола облысында 167,1 мың, Қостанай облысында 164,9 мың, Ақтөбе облысында 142,7 мың, Павлодар облысында 133,8 мың, Маңғыстау облысында 132,6 мың, Солтүстік Қазақстан облысында 128,6 мың, Батыс Қазақстан облысында 112,3 мың көлік тіркелген.

Салықтан босатылуы мүмкін көліктердің қатарында Атырау аймағында тіркелген 111 мың темір тұлпар да бар.

Қызылорда облысында – 104,7 мың, Шымкентте – 46,3 мың автокөлік салықтан босатылуы мүмкін.

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке қарағанда, есепті мерзімде заңды тұлғалардан түскен көлік салығы – 9,3 млрд теңгені, ал, жеке тұлғалардан түскен транспорттық салық көлемі – 29,6 млрд теңгені құраған.

Еске сала кетелік, елімізде көлік салығын алып тастау туралы мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салық жүйесін оңтайландыру туралы тапсырмасынан кейін көтеріліп отыр.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз