Қазақстан Президенті Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді

200327094140902e Жаңалықтар

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. #Birgemiz», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елдегі төтенше жағдай кезеңінде бірнеше онлайн-жобаны жүзеге асыруда.

Олардың арасында өнер сүйер қауымға арналған «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бар. Күнде кешке YouTube-арнасының тікелей эфирінде танымал қазақстандық жұлдыздардың концерті өтеді.

Өздерінің онлайн-концерттерін бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жанай берген болатын. 26 наурыз күні кешке қазақстандықтарды өз әндерімен Роза Рымбаева қуантты.

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstan-koronavirus-bir-adamny%d2%a3-%d3%a9mirin-alyp-ketti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз