Қазақстан мұнай экспорты бағытын 36 елге кеңейтті

469380 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жылБұл туралы Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

«Бүгінде Каспий мұнай құбыры арқылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды экспорттауға ең қысқа жол мен тиімді экономикалық жағдайлар қамтамасыз етілді. Қытайға да экспорттық бағыт ашылды.
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры салынды, «Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» ірі газ транзиттік дәлізі ашылды. Бұл жұмыстар мұнай және газ тасымалдау жүйесін толығымен дамытуға мүмкіндік берді. Осындай жұмыстар нәтижесінде экспорт көлемі 5 есеге ұлғайды» деп атап өтті спикер.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауға кезекті жұмыс сапарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Сапар аясында Президент «Жігермұнайсервис» компаниясына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз