Қазақстан қалалары лигасында атыраулықтар чемпион атанды

whatsapp image 2019 12 12 at 17.03.08 1 Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Әуесқой ойыншылар арасында  ұйымдастырылған күндізгі шахмат турнирінде «Team Atyrau» командасы жеңіске жетті, – деп хабарлайды Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан қалалар лигасы  – 2018 жылы  «Team Kazakhstan» интернет ресурсы жетекшілерінің бастамасымен құрылған.  Мақсаты  –  республика көлеміндегі шахматшылардың барлығына ортақ  ресурс жасап, сонда күш сынасу.  
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған сайыс қаңтар айында басталып, ойыншылар тоғыз кезең бойынша бақ сынасты. Аталмыш интернет ресурс жетекшілерінің бірі – атыраулық Жағпар Егізбаевтың айтуынша, лиганың өз ереже-тәртіптері бар. 
– Қазіргі таңда «Team Kazakhstan»  құрамында жиырмаға жуық команда бар.  Ал, турнирге тек 10 қаланың командасы қатыса алды. Өйткені, команда құрамында кеімнде 5 шахматшы болуы керек. Дегенмен, келешекте Қазақстан қалалары лигасының қатысушылары көбірек болады деп сенеміз, – деді Жағпар Егізбаев.
Қазіргі таңда  «Team Kazakhstan»  құрамында  400-ден астам шахматшы болса, олардың жиырмадан астамы  атыраулық ойыншылар.  2009 жылы құрылған «Team Kazakhstan» командасы  –  Азия, Еуропа, Әлем лигаларында ойнайды.  Сәйкесінше, оның ойыншыларының да деңгейі жылдан-жылға өсуде. 
– Біз арқылы дүниежүзінің әуесқой командалары Қазақстанда да бәсекеге қабілетті әуесқой шахматшылардың  бар екендігін біліп жүр, – дейді команда өкілдері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз